23.04.2025, 18:00

«Қазір нақты шешім қабылдау мүмкін емес»: Депутат жарақат алған Берденов туралы ойын айтты

Фото: коллаж Sn.kz

Руслан Берденов – біздің әріптесіміз.

Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев экс әріптесі, Шымкенті қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Руслан Берденов – біздің әріптесіміз. Оның тезірек сауығып, денсаулығының қалпына келуіне тілектеспін. Әрине, біз бірге біраз жұмыс атқардық. Оны белсенді әріптес ретінде танимын. Өйткені ол көп ұсынысын жариялаған болатын, - деді депутат.

Қырықбаев қазіргі күні ресми тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ол медиада әртүрлі ақпараттар да тарап кеткенін қоса кетті.

Бірақ қазір нақты шешім қабылдау мүмкін емес. Тексеріс аяқталғаннан кейін мәселенің анық-қанығы анықталады. Жалпы әріптесімнің тез сауығып кетуіне тілектеспін, - деп ойын айтты депутат.