23.04.2025, 22:30

Оралда алты жасар оқушыны КамАЗ қағып кетті

Фото: МГ

Полицияның хабарлауынша, бала белгіленбеген тұстан жолдан жүгіріп бара жатқанында жүк көлігі қағып кеткен.

Оралда алты жасар бүлдіршінді Брусиловский көшесінде «КамАЗ» қағып кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдай 21 сәуір күні кешке болды. Полицияның хабарлауынша, бала белгіленбеген тұстан жолдан жүгіріп бара жатқанында жүк көлігі қағып кеткен.

«Бала түрлі жарақаттармен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады БҚО ПД.

«Мой город» облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың басынан ауыр жарақат алғанын және өзге де түрлі дене жарақатын алғанын хабарлады.