$ 515.03  584.82  6.24

«Жолаушыларды 8 сағаттан аса күттірген»: Scat әуекомпаниясы айыппұл арқалады

"Жолаушылардың құқығын бұзды".

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

SCAT әуекомпаниясына жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ведомствоның мәліметінше, осы жылдың 25 ақпанында жолаушылар "Өскемен-Астана" рейсін ұзақ күткен.

"Күндізгі уақытта рейстің кешігуі сегіз сағаттан артық болғанына қарамастан, әуекомпания оларды қонақ үйге уақтылы орналастыруды қамтамасыз етпеген. Тек кешкі сағат 22:00-ге қарай кезекші прокурордың араласуынан кейін жолаушыларға демалуға орын берілді. Адамдар күні бойы әуежайда тиісті қызметсіз ұшуды күтті", - делінген хабарламада. 

Шығыс Қазақстан облысының көлік прокуратурасы азаматтардың құқықтарының бұзылуына ден қойған.

Тексеру қорытындысы бойынша әуекомпаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, ҚР ӘҚБтК-нің 567-бабының 2-бөлігімен 1000 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары