Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына Батыс циклоны әсер ететін болады.
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2025 жылғы 27 сәуірге арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына қатысты өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына Батыс циклоны әсер ететін болады.
"Найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Еліміздің солтүстігі мен батысында жаңбыр жауады, Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында бұршақ та жаууы мүмкін", - дейді синоптиктер.Республика бойынша көрініс табатын ортақ табиғи құбылыс желдің екпін алуы болады. Оңтүстікте – шаңды дауыл, оңтүстік-шығыста және батыста түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп болжанады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында 1 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі.
Қызылорда облысында, сондай-ақ Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында және тау бөктерінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында және шығысында өрт қаупі жоғары болады.
Жамбыл облысының солтүстік-батысында және Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.