Оның сөзі КХДР әскерлерінің Ресейге жіберілгені туралы алғашқы ресми растау саналды.
Бұйрықты Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ынның өзі берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы
КХДР билігі аталған жайтты ресми растады. ВВС жазған ақпаратта олар Украинамен әскери қақтығысқа қатысу үшін, елдің белгілі бір аумағын азат ету үшін Ресейге әскерін жібергенін алғаш рет мойындап отыр.
Өткен аптада Ресей Бас штабының басшысы Валерий Герасимов Владимир Путинге Курск облысындағы жағдай туралы есеп бергенде "Солтүстік Кореяның әскери қызметкерлері аймақты азат етуге айтарлықтай көмек көрсетті" деп мәлімдеген.
Оның сөзі КХДР әскерлерінің Ресейге жіберілгені туралы алғашқы ресми растау саналды.
Десе де, әскерді жіберу екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы келісімге сәйкес "Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынның бұйрығымен" жүзеге асырылғаны айтылады.
Мұны Yonhap Корея орталық ақпарат агенттігінің (KCNA) мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлап отыр.
– Украина билігінің Ресей Федерациясына авантюралық басып кіруіне тойтарыс беру үшін Курск облысын азат ету операциялары жеңіспен аяқталды, – деп жазылған KCNA хабарламасында.
Сонымен қатар, онда КХДР Қарулы күштерінің бөлімшелерінің операцияларға мемлекет басшысы Ким Чен Ынның бұйрығына байланысты қатысқанына басымдық берілген.