28.04.2025, 15:40

Әлеуметтік желіде Семейлік мұғалімнің оқушыларға жасаған ерсі әрекеті тарады (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Бір оқиға бейнекамераға түсіп қалып, мектеп чатына жіберілгеннен кейін дау шыққан.

Семей қаласында оқушы қыздардың момындығын пайдаланған мұғалімнің орынсыз әрекеті әлеуметтік желіде тарап, жұртшылықтың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«NeMolchiKZ» зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қорының мәліметіне сүйенсек, мұғалім сабақ барысында оқушы қыздарға қол тигізіп, құлағы мен мойнын сипалаған.

Қор өкілдерінің айтуынша, қыздар ұялшақ болғандықтан жеке шекараларын қорғай алмаған. Бір оқиға бейнекамераға түсіп қалып, мектеп чатына жіберілгеннен кейін дау шыққан. Алайда мектеп директоры тек мұғалімге құжаттарын алып, жұмыстан кетуді ұсынған.

Алайда балалар ол видеоны қайта жіберіп, мұғалімнің басқа мектепте жұмыс істеп жүргенін жазып жатыр. Дина Таңсәрі Балалардың құқықтарының қорғау комитетінен бұл жағдайды тексеруін сұрады. 

Тегтер: Семей мұғалім