$ 515.03  584.82  6.24

Синоптиктер қай өңірлерде күн күрт суытатынын айтты

Қостанайда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстанның 17 облысында 29 сәуірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Жетісу облысының батысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың батысында, солтүстігінде күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстік бөлігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м//с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қостанайда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда күннің соңында найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қонаевта оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Түнде және күндіз Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Семейде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Маңғыстау облысында, түнде облыстың оңтүстігінде солтүстіктен оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және танертең Ақтөбе облысының солтүстігінде түседі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Түнде 1-3 градус аяз болып, үсік жүреді деп күтіледі.

 Қызылорда облысының орталығында, шығысында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың орталығында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с құрайды. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні - 15-20 м/с, 23 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жезқазғанда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с.

Күндіз Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығыста оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қарағандыда да оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады,  екпіні - 15-20 м/с. Өскеменде күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырауда да жоғары өрт қауіпі артады. 

Астанада түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсіп, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді.

 

Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ  жауады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Петропавлда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі деп күтіледі. Ауа температурасы түнде және күндіз 4-6 градус жылыны көрсетеді.

Таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте күннің екінші жартысында найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/ с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Түркістанда күндіз найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с болады. Жоғары өрт қаупі күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Оралда да түнде және таңертең тұман түседі.                                 

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында тұман түседі деп күтіледі. Көкшетауда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші  -15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса  қарқынды екпін күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, түнде облыстың батысында, солтүстігінде батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде 25 м/с болады деп күтіледі. Павлодарда батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады,  күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Таразда солтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды. 29 сәуірде жоғары өрт қаупі күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары