$ 512.32  582.92  6.29

Денсаулық сақтау министрі Руслан Берденовтің жағдайын баяндады

Түскен кезде екі бригаданың хирургтары 4 сағат ішінде барлық қажетті шұғыл көмек көрсетті.

Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz

Үкіметте өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі ауруханада жатқан Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің қазіргі жағдайы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қазіргі уақытта Руслан Берденовтің жағдайы тұрақты ауыр.

"Түскен кезде екі бригаданың хирургтары 4 сағат ішінде барлық қажетті шұғыл көмек көрсетті. Пациентке ота жасалып, жағдайы тұрақтанды.

Бүгінде пациенттің жағдайы тұрақты. Ол өздігінен қозғала алады, десе де дәрігерлердің бақылауында", - дейді Ақмарал Әлназарова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары