$ 512.32  582.92  6.29

«250 млн теңге ұрланған»: Ақтөбе» футбол клубындағы заңбұзушылықтар әшкереленді

Істердің тергелуі облыс пркуратурасының бақылауында.

Фото: diapazon.kz
Фото: diapazon.kz

Облыс прокуратурасы Ақтөбе футбол клубының қызметіне тексеріс жүргізіп, 250 млн теңге жымқырылғанын анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Оның ішінде ойыншылардың трансферлері және әуе тасымалдау бойынша күмәнді мәмілелер жасалған. Сондай-ақ клуб қызметкерлері ойыншылардың тамағына бөлінген қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Тексеру қорытындысы бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқыру), 361-бабының 4-бөлігінің 1) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) және 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы (алаяқтық) бойынша 3 сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қылмыстық істер тергеп-тексеру амалдарын жүргізу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жолданды.

Істердің тергелуі облыс пркуратурасының бақылауында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары