30.04.2025, 17:50

Байлық салығын кім төлейді?

Фото: желіден алынды

Бүгін Мәжіліс екінші оқылымда жаңа Салық кодексін қабылдады.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жаңа Салық кодексіндегі байлық салығын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

"Байлық салығы бойынша нормалар біз айтқандай нұсқада қалды. Сенатта ұсыныстар болса, оны тағы қараймыз. 75 млн теңгеден асатын жеңіл автомобильдерге акцизбен қосымша салық енгіздік. Сондай-ақ бағасы 450 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүліктен де қосымша салық өндіріледі", - деп түсіндірді вице-министр. бүгін Мәжіліс екінші оқылымда жаңа Салық кодексін қабылдады.

Сонымен қатар 10 жылдан асқан автокөліктердің салығы 30 пайызға, 20 жылдан асқан көліктердің салығы 50 пайызға төмендетілмек. Еске сала кетейік, бүгін Мәжіліс екінші оқылымда жаңа Салық кодексін қабылдады.

Тегтер: салық байлық