01.05.2025, 05:00

«Қудалауға ұшырадым»: Астана әкімдігі қызметкерлеріне қысым көрсететіні рас па? (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Басшылық тарапынан қысым көріп жатырмын.

Әлеуметтік желіде өзін Астана әкімдігі «Жанұя» отбасы институын қолдау ортылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жұмыс істейтінін айтып, таныстырған әйел басшылық тарапынан қысым көріп жатқанын айтып, видеоүндеу жариялаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Астана қаласы әкімі мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Светланан Жақыповаға үндеу

Мен Алиева Жұлдызай Аянқызы Астана әкімдігі «Жанұя» отбасы институын қолдау ортылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жұмыс істеймін. Мен қазіргі уақытта басшылық тарапынан қысым көріп жатырмын. Қысым көруімнің себебі - біздің мекемеде 30-ға жуық адам жұмыста тіркелген, бірақ олар нақты қызметте жоқ «жандар». Олар директордың туыстары, есепшінің құрбысы, директордың орынбасарының күйеуі және сондай өзіне жақын адамдарды заңсыз тіркеп қойған. Сондай-ақ, Мансап орталығы да осындай бір-екі адамды негізсіз тіркеп қойған. Мен осы жағдайларды біліп қойғаннан кейін қудалауға ұшырадым», - дейді келіншек.

Бұл іске әкім мен министр қандай әрекет жасары әзірге белгісіз.