$ 516.16  584.86  6.25

Оралда доп теуіп жүрген баланы ток ұрды

БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайының өте ауыр екенін хабарлады.

Фото: куәгерлерден
Фото: куәгерлерден

Орал қаласындағы көпқабатты үйдің ауласында 9 жасар баланы ток соғып, ауыр хәлде ауруханаға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қайғылы оқиға 30 сәуір күні Исатай-Махамбет көшесіндегі №82 үйдің жанында болған. Куәгерлердің айтуынша, баланың добы сымға ілініп қалған. Оны алу үшін ол электр қосалқы стансасының төбесіне шыққан. Сол жерде оны ток ұрған.

1 мамыр күні БҚО Денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайының өте ауыр екенін хабарлады.

Қазір ол облыстық көпбейінді балалар ауруханасында жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Денесінің 95%-ын күйік шалған, күйік дәрежесі – төртінші, – делінген басқарма мәліметінде.

Полиция департаменті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары