$ 516.16  584.86  6.25

Жауын-шашын аз, 36 градусқа дейін ыстық

«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанда мамыр айында ауа райы қандай болатынын мәлімдеді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынды – көктемнің соңғы айы жылы болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Синоптиктердің болжауынша, мамыр айында ауаның орташа температурасы Қазақстанның көп бөлігінде нормадан 1° жоғары, Шығыс Қазақстан облысында, Алматы облысының оңтүстік-шығыс жартысында, Жетісу, Абай облыстарында нормаға жуық болады деп күтілуде.

Мамырда жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан аз, еліміздің солтүстік-батыс және солтүстік облыстарында, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының оңтүстігінде, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Абай облыстарының оңтүстік-шығысында нормаға жақын болады деп болжанып отыр.

Мамырдың бірінші онкүндігінде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-батысында күн күркіреп, жаңбыр жауады, екпінді жел, шаңды дауыл күтіледі, тек жекелеген күндері республика аумағында көшпелі бұлтты күн райы болжанып отыр, жауын-шашын аз түседі.

Ауа температурасы келесі диапазонда болады деп күтіледі:

  • елдің батысында түнде +4...+9°С-тан +9...+14°С дейін, күндіс +15...+20°С-тан +22...+30°С дейін;
  • республиканың оңтүстік-батысында түнде +10...+15°С пен +12...+20°С аралығында, күндіз +20...+25°С-тан +25...+33°С дейін;
  • солтүстік-батыста, солтүстікте, Қазақстанның орталығында түнде 0...+5°С, 1-6°, +8...+15°С дейін, күндіз +10...+18°С-тан +23...+30°С дейін.
  • республиканың оңтүстігінде ауа температурасы түнде +5...+12°C-тан +15...+20°C-қа дейін, күндіз +18...+25°C-тан +28...+35°C-қа дейін біртіндеп жоғарылайды деп күтіледі.

Мамырдың екінші және үшінші онкүндігінде республиканың басым бөлігінде ауа температурасы түнде +2...+7°С-тан +10...+15°С-қа дейін, күндіз +10...+15°С-тан +25...+30°С-қа дейін ауытқиды, түнде суық антициклон әсерінен кей күндері ауа температурасы 1-6° дейін төмендеуі мүмкін.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28...+36°С дейін көтеріледі, алайда ыстық күндердің арты салқын күндерге ұласып, ауа температурасы +20...+25°С болады, топырақ бетіне арктикалық ауа массалары енген кезде 2°-қа дейін аяз болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары