$ 516.16  584.86  6.25

Шымкентте пәтерін жалға берген адам сотталып кетті

А. есімді тұрғын пәтерді газ қызметімен келісімсіз және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, жалға берген.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шымкентте пәтер иесі жалға беру барысында қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Шымкентте алғаш рет пәтерді жалға берген иесі қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  

А. есімді тұрғын пәтерді газ қызметімен келісімсіз және газ қауіпсіздігі талаптарын сақтамай, жалға берген. Салдарынан пәтерде газ кетіп, пәтерді жалға алушы Б. көмірқышқыл газынан уланып көз жұмған.

Биыл 18 сәуірде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты пәтер иесін ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы ("Жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу") бойынша кінәлі деп танып, 4 жыл шартты жаза тағайындап, пробациялық бақылау белгіледі.  

"Бұл жағдай пәтерді жалға беріп, табыс табатын әрбір азаматтың жалға алғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті барын көрсетеді. Жауапсыздық ауыр зардаптарға және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары