ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш тауар аса ірі көлемде болған.
Шекара қызметі БҚО бойынша департаменті "Сырым" өткізу бекетінде қолдан жасалған 4 мың дана пышақты тасымалдаудың жолын кесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш тауар аса ірі көлемде болған.
"Пышақтар ілеспе құжаттарсыз тасымалданып, басқа жүктердің арасына жасырылған. Тәркіленген тауар БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне берілді", - деп хабарлады ведомстводан.