Әзірге қамыс өртінің себебі айтылған жоқ.
Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртінің 4 ошағы анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобының мәліметінше, Каспий теңізінің Атырау облысының аумағындағы жағалауында қамыс жанып жатыр.
– Қамыс өртінің 4 ошағы Атырау қаласының маңындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым қашықтықта анықталды. Қазір төтенше жағдайлар департаментінің 32 қызметкері 3 техникамен оқиға орнына жетіп, қамыс өртін сөндіруге жұмылдырылды, - деп хабарлады департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы.
Әзірге қамыс өртінің себебі айтылған жоқ. Жалынның қанша гектар аумақты шарпығаны нақтыланбады.