02.05.2025, 17:00

Атырау облысында алапат өрт болып жатыр

Фото: Pixabay

Әзірге қамыс өртінің себебі айтылған жоқ.

Атырау облысында Каспий теңізінің жағалауында қамыс өртінің 4 ошағы анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобының мәліметінше, Каспий теңізінің Атырау облысының аумағындағы жағалауында қамыс жанып жатыр.

– Қамыс өртінің 4 ошағы Атырау қаласының маңындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым қашықтықта анықталды. Қазір төтенше жағдайлар департаментінің 32 қызметкері 3 техникамен оқиға орнына жетіп, қамыс өртін сөндіруге жұмылдырылды, - деп хабарлады департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобы.

Әзірге қамыс өртінің себебі айтылған жоқ. Жалынның қанша гектар аумақты шарпығаны нақтыланбады.