$ 518.53  588.17  6.39

Шерзат Болат ісі: Сотта тағы бір куәгер жауап берді

Сот отырысында куәгер ретінде Сәкен Әкежанов жауап беріп жатыр.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Талғар қаласында Шерзат Болаттың қазасына байланысты өтіп жатқан сот процесі жалғасуда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Сот отырысында куәгер ретінде Сәкен Әкежанов жауап беріп жатыр. Ол қанды оқиға болған «Қамажай» дүкеніне қарама-қарсы үйде тұрады.

«Бір әйелдің ащы дауысы естілді. «Жедел жәрдем шақырыңдар!» деп айқайлап жатты. Балконға шықсам, бір топ жігіттің бір адамды ұрып жатқанын көрдім. «Қойыңыздар, өлтіріп қоясыңдар!» деп дауыстадым», – деді ол.

Куәгердің айтуынша, оның үйінен “Қамажай” дүкенінің маңы толық көрінбейді. Сол түні ол оқ атылғандай дыбыс естігенін айтады, алайда алғашында бұл мотоциклдің дауысы болар деп ойлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары