$ 516.16  584.86  6.25

Шерзат Болат ісі: Сотталушылардың ата-анасы видео түсірген азаматты сот залынан шығаруды талап етті

Олардың айтуынша, әлеуметтік желілерде сотталушылардың күліп тұрған сәті бейнеленген видео тараған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Марқұм Шерзат Болаттың өліміне қатысты өтіп жатқан сот процесінде айыпталушылардың ата-аналары сотқа өтініш жасап, сот залында видео түсірген азаматты шығаруды сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Олардың айтуынша, әлеуметтік желілерде сотталушылардың күліп тұрған сәті бейнеленген видео тараған. Қоғамда резонанс тудырған бұл видеода 16 жастағы куәгердің фотосы мен айыпталушылардың бейнесі жарияланған. Ата-аналар бұл әрекет заңсыз түсірілгенін айтып, наразы болды.

«TikTok-та түрлі пікір жазылып жатыр. Балалар не себепті күліп шыққанын да білмейміз. Бұл дұрыс емес», – деді сотталушылардың анасының бірі.

Ата-аналар видеоны жәбірленуші тараптың адвокатының көмекшісі Алмат Орынбасарұлы түсірді деп есептейді. Алайда өзі бұл айыпты жоққа шығарды.

«Мен ешкімді түсірген жоқпын. Желіде тараған видео кәсіби камераға түсірілген. Оның маған қатысы жоқ», – деді ол.

Сот төрағасы Ержан Жанұзақов видеоға қатысты тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар сот отырысы кезінде фото-видео түсіруге қатаң тыйым салынатынын қайта ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шерзат Болат