05.05.2025, 18:20

Шерзат Болат өлімі: 6 мамырда айыпталушылар сотта жауап береді

Фото: Видеодан алынған кадр

Бүгінгі сот отырысында үзіліс жарияланып, жалғасы 6 мамырда жалғасатыны жарияланды

Ертең, яғни 6 мамырда Шерзат Болат өліміне қатысты өтіп жатқан сот отырысында сотталушылардан жауап алу басталады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бүгінгі сот отырысында үзіліс жарияланып, жалғасы 6 мамырда жалғасатыны жарияланды.

6 мамырдан бастап сотта іске қатысы бар сотталушылар жауап береді.

Мемлекеттік айыптаушылар

Іс ауқымы – 62 том. Соған қарамастан, оны тек екі прокурор жүргізіп жатыр.

• Ержан Құрақбаев – Алматы облыстық прокуратурасы басқармасының басшысы; • Дана Сәрсенбай – Жетісу облысы, Талдықорған қалалық прокуратурасының аға прокуроры.

Сотта төрт жәбірленуші бар:

• Марқұм Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов; • Анасы Гүлбара Бейшембиева; • Әжесі Жұмабике Қадырова; • Марқұмның досы Алдияр Махметтің заңды өкілі Әйгерім Мұқатаева.

Айыпталушылар қатарында кімдер бар?

Қылмыстық іс бойынша тоғыз адамға айып тағылған. Олардың бірі – кәмелетке толмаған. Істің басты фигуранттары:

1. Абзал Шынасыл – ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігі ("Адам өлтіру"), 24-бабы 3-бөлігі ("Адам өлтіруге оқталу"), 293-бабы 3-бөлігі ("Бұзақылық"); 2. Равиль Сакиев – дәл осы баптар бойынша; 3. Азамат Тоқтаубаев – "Бұзақылық" және 188-бап 1-бөлігі ("Ұрлық"); 4. Нұрбол Тоқтаубаев – "Бұзақылық"; 5. Шыңғыс Белғожаев – "Бұзақылық"; 6. Дархан Әскентай – "Бұзақылық"; 7. Нұрқияс Ілиясов – "Бұзақылық"; 8. Дидар Қалияхмет – "Бұзақылық"; 9. Думан Ысқақ – 434-бап ("Қылмыс туралы хабарламау").