$ 514.5  582.67  6.35

«Орамалмен алдыңғы қатарда отыруға болмайды»: «Жайдарманда» шу шықты (ВИДЕО)

Себебі ретінде қызыл түсті орамалдың «телеэфирге жарамсыздығы» және «басшылықтың тапсырмасы» айтылған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

TikTok әлеуметтік желісінде тараған видеода орамал таққан қыз өзінің «Жайдарман» Ұлттық лигасының түсірілімінде бірінші қатарға отыруына тыйым салынғанын айтып, дискриминацияға ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

«Орамалмен бірінші қатарда отыруға болмайды» – операторлар уәжі

Автордың айтуынша, ол арнайы төрешілердің артындағы бірінші қатарға билет алып, алдын ала келіп орнына отырған. Алайда бірнеше оператор келіп, өз орнын босатуды сұраған. Себебі ретінде қызыл түсті орамалдың «телеэфирге жарамсыздығы» және «басшылықтың тапсырмасы» айтылған.

Басталуға аз қалды, төрешілер келе жатыр. Өтініш, басқа орынға өтсеңіз.
– Бұл орамал үшін бе?
– Иә. Бірінші қатарда орамалмен отыруға болмайды. Бізге солай тапсырма берілді», – деп жауап берді операторлардың бірі.

Шағымданушы түсірілім аяқталған соң жауапты тұлға — Жанасыл Болатбекпен сөйлескен. Оның айтуынша, бұл «телеарналар талаптарына сай басшылық шешімімен жасалған» әрекет екен.

«Барлық телеарна талаптары солай. Жазылатын заңдар бар, жазылмайтын заңдар бар», – деген жауап алғанын жазады орамал таққан көрермен.

Көрермен бұл әрекетті құқық бұзушылық деп бағалап, «Жайдарман» жобасының жетекшісі Есен Елеукен мен продюсер Ғалым Махамбетовтен түсініктеме беруін талап етті.

«Орамал таққан қыздардың 1-қатарда отыруына тыйым салынуы — қандай заңмен реттеледі? Егер бұл шарт болса, неге билет сатуда ескертілмейді? “1-қатарда орамал таққан қыздарға орын берілмейді” деген тәртіп қайда жазылған? Бұл әрекет — мұсылман әйелдердің құқығын шектеу», – делінген үндеуде.

Аталған жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, Қазақстандағы діни белгілер бойынша кемсіту, телеарна талаптарының заңдылығы және адам құқықтарының сақталуы туралы мәселелерді қайта көтерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 4
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары