"Қазгидромет" РМК деректері бойынша ауқымды антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Синоптиктер алдағы сейсенбі, 2025 жылы 6 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қазгидромет" РМК деректері бойынша ауқымды антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Тек еліміздің батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста нөсер жаңбыр болып, арасында бұршақ түседі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, батысында тұман болады деп болжанады", делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде, Ақтөбе, Павлодар облыстарының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде Қостанай өңірінің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады деп күтіледі. Түркістан облысының батысында, шөлейтті аудандарында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.