$ 514.5  582.67  6.35

Шерзат Болат өлімі: Полицей Ғайыпбаевты не үшін бейнежазбаға түсіргенін түсіндірді

Сотта сондай-ақ Ғайыпбаевтың берген айғағы мен бейнежазбаның мазмұны да талқыланды.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Талдықорғанда өтіп жатқан Шерзат Болатқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысында Талғар аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжаннан жауап алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Судья Ержан Жанұзақов полиция қызметкерінен жәбірленуші Нұрқанат Ғайыпбаевтың бейнежазбасы қандай заңдық негізде түсірілгенін сұрады. Бұл сұраққа жауап берген Медет Әділжан бейнематериал жедел іздестіру шарасы аясында түсірілгенін айтты, алайда нақты заң бабын атай алмады.

«Жедел іздестіру шараларын жүргізу үшін күдіктілер мен куәгерлерден жауап алынды. Бірақ нақты қай бап екенін қазір нақты айта алмаймын», – деді ол.

Сотта сондай-ақ Ғайыпбаевтың берген айғағы мен бейнежазбаның мазмұны да талқыланды. Медет Әділжанның айтуынша, жәбірленуші оқиғаға қатысты суреттерді қарап отырып, кімнің қандай әрекет жасағанын көрсеткен.

«Видеода не бар, соны ғана білемін. Одан бөлек арамызда жеке әңгіме болған жоқ. Тек суреттер арқылы пышақтаған адамдарды көрсетті», – деді полиция басшысы.

Сонымен қатар, Медет Әділжан Ғайыпбаевтан толық жауап алынбағанын, іс бойынша бірнеше тергеу тобы параллель жұмыс істегенін атап өтті.

«Маған жәбірленушімен байланысып, тек нақты мәліметтерді алу жүктелді», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары