$ 514.5  582.67  6.35

Шерзат Болат өлімі: Сотталушы Дархан Әскентай жанжалдың қалай басталғанын қайта баяндады

Тергеу барысында жауап бердім, бірақ ол кезде айтқандарыммен толық келіспеймін.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Шерзат Болатқа қатысты қылмыстық істі қарау барысында сотталушы Дархан Әскентай оқиға күні не болғанын егжей-тегжейлі айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Сот отырысында қорғаушы:

«Бұған дейінгі тергеу кезінде берген жауабыңызбен келісесіз бе?», – деп сұрады.

Дархан Әскентай бұл сұраққа:

«Тергеу барысында жауап бердім, бірақ ол кезде айтқандарыммен толық келіспеймін. Себебі оқиға күні ұсталған балаларға қысым көрсетілді. Өзім де жарақат алғандықтан, дұрыс жауап бере алмадым. Кейін ойымды жинақтау қиынға соқты. Бүгін бар шындықты айтып, өз әрекеттерімді ашық жеткізуге бел будым», – деп жауап берді.

Оның айтуынша, оқиға күні «Қамажай» дүкеніне кіріп, үш бөтелке сыра сатып алған. Сол жерде Қаржаубай есімді азаматпен танысқан.

«Сыра бағасы шамамен 1300 теңге болды. Мен оған "аға, ақшасы 1500 теңге деп ала беріңіз, мың теңгесін Kaspi арқылы аударамын, қалғанын қолма-қол берем" деп түсіндірдім», – дейді Әскентай.

Кейін ол телефонын қуаттау үшін дүкеннің сыртына шығып, сырасын ішуге оқталып тұрған кезде, Қаржаубайдан телефонын сұрап алып, қоңырау қабылдаған. Телефон шалған Бекнұр есімді бала болған.

«Сол сәтте телефонымды қарап тұрған едім, кенеттен Шерзат келіп, ашулы кейіппен: "Сен менің әкеме бірдеңе дедің бе, не айтқың келіп тұр?" – деп сұрады. Мен не айтып тұрғанын түсінбей қалдым да, мән-жайды түсіндіруге тырыстым. Кейін "жүр, әкеңнен сұрайық" дедім. Қарасам, қолында кастет бар екен, байқамай қалыппын. Кенет бір көзімнен ұрып жіберді. Содан 2–3 метр шегініп, орнымда тұрып қалдым», – деді сотталушы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары