Мемлекет басшысы мен қазақтың шапанын киген құрметті қонақтардың фотосы Telegram-дағы Борт №1 арнасында жарияланды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам мен оның жұбайына қазақтың салт-дәстүріне сай құрмет көрсетіп, шапан жапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысы мен қазақтың шапанын киген құрметті қонақтардың фотосы Telegram-дағы Борт №1 арнасында жарияланды.
Фото сипаттамасында ақын Қадыр Мырза Әлінің "Қазақ осы" әнін үзінді келтірілген.
«Қазақ осы – ашық жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Байқа да тұр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады», – Қадыр Мырза Әлі.