06.05.2025, 17:40

Тоқаев Вьетнамнан келген құрметті мейман оның жұбайына шапан жапты (ВИДЕО)

Фото:  Борт №1

Мемлекет басшысы мен қазақтың шапанын киген құрметті қонақтардың фотосы Telegram-дағы Борт №1 арнасында жарияланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам мен оның жұбайына қазақтың салт-дәстүріне сай құрмет көрсетіп, шапан жапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мемлекет басшысы мен қазақтың шапанын киген құрметті қонақтардың фотосы Telegram-дағы Борт №1 арнасында жарияланды. 

Фото сипаттамасында ақын Қадыр Мырза Әлінің "Қазақ осы" әнін үзінді келтірілген.

«Қазақ осы – ашық жарқын қабағы, Қонақ келсе шабылып бір қалады. Байқа да тұр, саған да ол кетерде, Ат мінгізіп, жібек шапан жабады», – Қадыр Мырза Әлі.