Оның миына қан құйылған, жағдайы аса ауыр екені айтылады.
Журналист, медиамаман Диас Ахметшәріп инсульт алып, комаға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның миына қан құйылған, жағдайы аса ауыр екені айтылады.
Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосында тілші болып бастаған. «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында спорт журналисі болып жұмыс істеді.
«Kazsport» телеарнасының алғашқы директоры, «Insport» телеарнасының бас редакторы болған.
2003-2007 жылдар аралығында спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметін басқарды, агенттіктің баспасөз хатшысы болды.
2010-2012 жылдары «СК-Астана» корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментін басқарды.
2012-2013 жылдары спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.
2014-2020 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми өкілі болды.
2020 жылы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болып тағайындалды.
2023 жылы туризм және спорт министрінің кеңесшісі қызметіне кірісті.