08.05.2025, 11:00

Теміржол бойынан мәйіт табылды: ҚТЖ оқиғаға қатысты түсініктеме берді

Фото: Pixabay

Пойыз барлық қажетті процедуралар аяқталғанға дейін тоқтатылды.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы 7 мамыр күні Қайрат-Байсерке теміржол аралығында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

 Оқиға орнында адамның денесі табылған.

- Пойыз барлық қажетті процедуралар аяқталғанға дейін тоқтатылды. Оқиға орнына полиция келіп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген компания хабарламасында.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары оқиғаны белгіленген тәртіппен тексеріп жатыр.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ теміржол бойында бөгде адамдардың жүруіне қатаң тыйым салынатынын еске салып, қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.