$ 516.01  582.47  6.26

Алматыдағы тауда студент қыз қаза тапты

Төтенше жағдай министрлігі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Тауға шыққан студентті серуен кезінде тас басып қалды. Ол ауыр жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Төтенше жағдай министрлігі оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

«ТЖМ-нің Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушыларына оқиға куәгерлерінен хабарлама түскен. Биіктігі теңіз деңгейінен 2,5 мың метр жерде, “Горельник” шатқалындағы сарқырама маңында тауға серуендеп бара жатқан қызды тас басып қалған. Куәгерлер қызды өз беттерінше шығара алмаған», – делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнында ұялы байланыс болмаған. Қайғылы жағдай туралы куәгерлер тек таудан төмен түскеннен кейін хабар берген.

«Оқиға орнына шұғыл Республикалық жедел-құтқару жасағының 18 құтқарушысы, 109 құтқару қызметінің қызметкерлері, апаттық медицина орталығының медициналық бригадасы және екі кинологиялық топ жіберілді. Қыздың денесі гидравликалық құрылғының көмегімен шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды», — деп мәлімдеді ТЖМ.

Министрлік сондай-ақ қайғылы оқиғаға дейін өңірде дауыл туралы ескерту жарияланғанын еске салды.

«Таулы аймаққа туристердің көп шығуына байланысты ТЖМ құтқарушылары табиғатқа шығарда дауылды ескертулерді ескеріп, жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес береді», — деп ескертті ведомство.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары