$ 516.01  582.47  6.26

Жаңа Рим Папасы АҚШ-тан шыққан кардинал Роберт Прево болды

Жаңа Рим папасы 40 мың адамның алдына шықты.

Фото: Claudia Greco / Reuters
Фото: Claudia Greco / Reuters

Ватикан Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысы сайланды. Ол - америкалық кардинал Роберт Франсис Прево- Лев XIV есімін алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

ВВС хабарлауынша, Ватикандағы Әулие Петр базиликасының балконына кардинал Доминик Мамберти шығып, латын тілінде: «Habemus Papam!» деп жариялады, бұл «бізде жаңа папа бар!» дегенді білдіреді. 

Содан кейін ол жаңа понтификті таныстырып, оның шіркеу басшысы ретіндегі жаңа есімін атады.

Жаңа понтификтің сайланғаны туралы хабар жергілікті уақытпен 18:00-де тараған еді.

Сол кезде Сикстин капелласының шатырындағы мұржадан ақ түтін шығып,  шіркеу қоңыраулары соғылған болатын.

Әулие Петр алаңында жиналған мыңдаған адам Рим-католик шіркеуінің жаңа басшысын зор қуанышпен қарсы алды. 

Полиция мәліметінше, алаңда шамамен 40 мың адам болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Рим папасы