$ 516.01  582.47  6.26

11 мамырда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Батыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. 

Фото: pexel
Фото: pexel

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 11 мамырда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенші өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Найзағай. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі, солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматыда таңертең және күндіз найзағай күтіледі. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының батысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстікке ауысып жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Ұлытау облысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысы бойынша төтенше өрт қауіпі, таулы аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Шымкентте төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, батысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Қызылорда облысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Солтүстік Қазақстан облысының түнде солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ақмола облысының түнде солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, күндіз шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. 

Павлодар облысында найзағай, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. ік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі сақталады

Астанада найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары