Алдын ала ақпарат бойынша, жоғалған күні бала Нұра өзенінің маңында болған.
Ақмола облысында бірнеше күн бойы іздестірілген алты жастағы Қалмырза Жандәулет өлі табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, баланың жоғалғаны туралы Қорғалжын аудандық полиция бөліміне 30 сәуір күні хабар түскен.
Баланы анасының айтуынша, ол кешкі сағат 19:00 шамасында үйден шығып кеткен, бірақ оралмаған.
Алдын ала ақпарат бойынша, жоғалған күні бала Нұра өзенінің маңында болған.