Мемлекет басшысы мен Вьетнам елінің жетекшісі қатысқан салтанатты шеруде болған оқиғаның видеосы тарап жатыр.
7 мамыр Отан қорғаушылар күні Астанада өткен парад кезінде әскери қыз есінен танып қалған. Сапта тұрған қалпында есін жоғалтқан әсери қызды екі офицер жігіт алып кетпекші болған. Алайда еңгезердей екі әскеридің бір қызға көмек көрсете алмауы желі қолданушылар тарапынан сынға ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысы мен Вьетнам елінің жетекшісі қатысқан салтанатты шеруде болған оқиғаның видеосы тарап жатыр. Желі қолданушылары офицер жігіттерді сынға алды.
«Әй қыздар, Отанды өзіміз-ақ қорғай береміз-ау», «қазіргі жігіттер осындай әлжуаз», «ішетін тамақтарында құнар жоқ қой», «көздерің соқыр ма, аяғына шалынып қалды», «иыққа салып, екі қолынан екі жақтап көтеріп, алып кету ойларына келмеген бе», деп жазды желідегілер.