$ 516.01  582.47  6.26

Атбасарда бала доп ойнап жүріп ауруханаға түсті

Жасанды төсенішті бір бөлігі оны басып қалған.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Ақмола облысының Атбасар қаласында қатты жел тұрып доп ойнап жүрген бала футбол алаңының жасанды төсенішіне бастырылып қалған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Атбасар ауданының әкімдігі қатты жел кесірінен шағын аудандағы футбол алаңының жасанлы төсенішін жел қопарғанын мәлім етті. 

— Алаңда 17.11.2013 жылы туған бала ойнап жүрген. Жасанды төсенішті бір бөлігі оны басып қалған. Оны бірден аудандық аурухана жеткізді. Денесінде жарақаттар бар, жағдайы тұрақты. Травматология бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында жатыр, — деп мәлім етті әкімдіктегілер.

Әкімдік өкілдері аяқтың астында жату керек төсеніш неге желге тұшып жүргенін түсіндірді. 

— Әуел баста жоспарымыз бойынша ол жерде қарапайым ойын алаңы түсу керек болған. Жаңа мердігер алаңды жақсылап жабдықтап, толықтай жасанды төсеніш салып шыққан. Бәлкім ойыннан жабынның шеті мүжілген шығар, соның салдарынан жел көтеріп кетсе керек. Құрылыс бөлімі ойын алаңын қалпына келтіреді, — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары