12.05.2025, 11:15

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Фото: Pixabay

Жер асты қозғалысының тереңдігі 10 шақырымды құраған.

12 мамырға қараған түні Қытай аумағында магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Сейсмологтардың дерегінше, дүмпу Шигацэ қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 124 шақырым жерде, шамамен 80 мың халқы бар аумақта тіркелген. Жер асты қозғалысының тереңдігі 10 шақырымды құраған.

Табиғи апаттан адам шығыны мен қираған ғимараттар туралы ақпарат әзірге тіркелген жоқ.

Тегтер: жерсілкінісі