Сондай-ақ, банк қызметкерлері бір-біріне қарама-қайшы түсініктемелер берген — біреуі халықаралық аударым десе, екіншісі QR-код арқылы төлем жасағанын айтқан.
Әлеуметтік желілерде ForteBank клиентінің шотынан 300 мың теңге жоғалып кеткен жағдай қызу талқылануда. Залал шеккен қыздың құрбысының айтуынша, қаражат шешілген сәтте ол ауылдық жерде болған, банк картасы мен телефоны өзінде болған, деректерін ешкімге бермеген. Соған қарамастан, ақша Дубайда шешілгені туралы ақпараттан басқа — ешқандай растау коды да, хабарлама да келмеген, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жәбірленуші әлеуметтік желіде ашуын білдіріп, банк клиенттерін қорғамайтынын және кінәні өздеріне аударатынын айтты: «Бұл жаңа сервис деңгейі ме? Бұл клиенттерді қорғау ма? Мұнда банк жүйесіндегі деректердің тарап кеткені анық. Бірақ оны мойындаудың орнына, кінәні клиентке жабуда», – деп жазды ол.
Сондай-ақ, банк қызметкерлері бір-біріне қарама-қайшы түсініктемелер берген — біреуі халықаралық аударым десе, екіншісі QR-код арқылы төлем жасағанын айтқан.
Ал, ForteBank өкілдері нақты ақпарат беруден бас тартып, жағдай банк пен клиент арасында қарастырылып жатқанын жеткізді: «Қазір тергеу жүріп жатыр, біз клиентпен байланысқа шықтық», – деді банк баспасөз қызметі.Банк өз шоттары арасындағы аударымдарға дейін жиі тосқауыл қойып отырады: «Жүйе күмәнді операцияны анықтаса, оны дереу тоқтатады. Қазір алаяқтық схемалар өте көп. Клиенттердің қаражатын қорғау — басты басымдық», – дейді банктегілер.
Алайда дәл осы жағдай жүйеге күдікті болып көрінбеген.