$ 513.74  569.17  6.33

Шығыс Қазақстанда келіні енесінің атынан 2,5 миллион теңге несие алған

Барлық несиенің жалпы сомасы – 2,5 миллион теңге.

Фото: opennews
Фото: opennews

28 жастағы шығыс Қазақстан облысының тұрғыны енесінің атынан 2,5 миллион теңге несие рәсімдеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Келіншек енесінің рұқсатынсыз оның атынан несие рәсімдеп, алаяқтық жасағаны үшін сот алдында жауап берді. Ол әлеуметтік жәрдемақыны сылтау етіп, банк қосымшасы арқылы енесінің бет-әлпетінің биометриясы мен жеке деректеріп пайдаланған. Осылайша енесінің атынан бірнеше несие алған. Барлық несиенің жалпы сомасы – 2,5 миллион теңге.

“Сотталушыға екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Алайда пробация қызметінің есебінде тұрған айыпталушы өзіне қойылған талапты үнемі бұзып келген. Атап айтқанда, тіркеуге келмеген, тексеріс кезінде тұрғылықты мекен жайында болмаған және электронды бақылау құралын тағудан бас тартқан. Осында құқықбұзушылықтарға байланысты тағайындалған жаза қатаңдатылып, айыпталушы 1 жыл үш айға бас бостандығынан айырылды. 

Сотталушы жазасын өтеу үшін Абай облысындағы әйелдер колониясына жеткізілді. Қазіргі уақытта ол карантин бөлімінде.

“Әйел жасаған ісіне өкінетінін айтып, оның салдарының қаншалықты ауыр екенін толық түсінбегенін мойындады. Ол бес баласына жақсы ана бола алмағанына өкініп, бір күні олар анасын кешіреді деп үміттенеді”, – деді арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Светлана Голикова.

Карантин мерзімі аяқталған соң, сотталушы тұшпара цехына жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Ол жерде оның жалақысынан сот үкімімен белгіленген талап-арыз бойынша төлемдер өндіріледі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары