Сондай-ақ суретші Шалқар Ақанов Досымжан Таңатаровқа әншінің өзі бейнеленген портретті сыйлаған.
Белгілі әнші Досымжан Таңатаров 50 жас мерейтойына орай Астанада жеке шығармашылық концертін берді. Кеште әншінің өнердегі достары әннен шашу шашып, Мейрамбек Беспаев арнайы жасатқан домбыраны сыйға тартқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Құтты болсын! Сен бір рудың емес, Алаштың аяулы азаматына айналдың! Досым, мен соған қуанамын. Осы елдің саған деген махаббаты мәңгілік болсын! Сенімен мақтанайық, қуанайық", - деп Мейрамбек Беспаев сахнада әнші үшін арнайы жасатқан домбырасын тарту еткен.
Сондай-ақ суретші Шалқар Ақанов Досымжан Таңатаровқа әншінің өзі бейнеленген портретті сыйлаған.