$ 506.21  568.42  6.3

Шымкентте 92 жастағы тыл ардагері тарақан мен қоқыс басқан пәтерден табылды (ВИДЕО)

Зейнеткер бейімдеу орталығына жеткізілген. 

Фото: Бейнежазбадан
Фото: Бейнежазбадан

Шымкентте еріктілер Мария Пономарева есімді 92 жастағы тыл еңбеккерін қараусыз, күтімсіз лас пәтерден тапты. Оған қарауы тиіс сіңлісі жәрдемақыларын алып отырғанымен, мүлде күтім жасамаған. Еріктілердің айтуынша, тарақандар мен қоқыс арасында өмір сүрген кейуана сөйлемей қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, зейнеткер бейімдеу орталығына жеткізілген.

Еріктілердің айтуынша, Мария Пономарева сіңлісімен бірге тұруы керек болған. Себебі ол кейуананың зейнетақысы мен басқа да төлемдерін алып отырған. Жеңіс Күні қарсаңында Пономарева медальмен марапатталып, 15 АЕК мөлшерінде ақшалай көмек көрсетілген. Алайда ақшаны оған жекелей келіп емес, сіңлісі арқылы берілген.

Еріктілер туысының әжесіне тиісті күтім жасамайтынын алға тартты. Кадрларда әйелдің лас пәтерде, жәндіктер мен қоқыстардың арасында жалғыз отырғанын көруге болады.

Басқарма әлеуметтік бейімдеу орталығының мобильді тобы құрылғанан кейін Пономареваға келгенін атап өтті. Мамандар пәтерге келгенде есік құлыптаулы болғансын кіре алмаған. Бірақ олар әйелдің еденде жатқанын көрген. Көршілері Пономареваның әпкесі соңғы күндері үйге оралмағанын растаған.

Әйелдің туыстарымен байланысу мүмкін болмағандықтан, есік көршілердің рұқсатымен ашылды.

"Әжені шұғыл түрде өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға арналған орталыққа жеткіздік. Ол жерде оны жуындырып, тамақтандырып, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қазір жағдайын дәрігерлер бақылауда", - деп атап өтті басқарма.

Құзыретті органдар тиісті тексерулер жүргізеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары