Іздеу жұмыстары 3 мамырда басталды.
Жайық өзенінен өтіп бара жатып, қайықтан құлап кеткен жасөспірімнің мәйіті сегіз күн өткеннен кейін 11 мамырда Еркінқала ауылы маңында табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Іздеу жұмыстары 3 мамырда басталды. ТЖД баспасөз қызметінің айтуынша ағыстың қатты болуы, ештеңе көрінбейтіні және бөгде заттардың кездесуі іздеу жұмыстарында қиындық туғызған. Алайда іздестіру жұмыстары күшейтілген түрде жүргізіліп, түрлі құрал-жабдықтар пайдаланылған.
Іздеу жұмыстарына 12-ден астам құтқарушы, 4 бірлік жүзу құралы, 3 бірлік техника және ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) жұмылдырылды. Сонымен бірге ПД қызметкерлері және кемесі де осы іске тартылды. Сүңгірулермен 7140 шақырымда 21 рет су астынан іздестіру және ұзындығы 23700 метр, ені 70 метр болатын тралдау жұмыстары жүргізілді.