$ 510.58  571.8  6.34

«Құрмет» орденінің иегері 8,6 жылға сотталып кетті

Жәбірленушілер оларды кінәлі деп тануды және талапты қанағаттандыруды сұрады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Астанада жел электр станциясын салуға арналған 8,5 млрд теңгенің ұрлану дерегіне қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына сілтеп. 

2025 жылғы 13 мамырда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты алаяқтық, атап айтқанда, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы, алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен, ірі және аса ірі мөлшерде жәбірленушілердің ақшалай қаражатын бірнеше рет ұрлады деп айыпталған Б.-ға және М.-ға қатысты үкім шығарды.

Сотпен Б. және М. басқа адамдармен бірлесіп, алдын ала сөз байласу арқылы әрекет ете отырып, 2020-2022 жылдар аралығында «Ерейментау қаласында қуаты 50 МВт жел электр станциясын салу» жобасын іске асыруға арналған «Е» ЖШС — нің («Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының еншілес компаниясы) ақшалай қаражатын ұрлағаны анықталды. Ұрлық жалған келісімшарттармен және аффилирленген компанияларға ақша аудару арқылы жасалған. Шығын мөлшері 8,5 млрд теңгеден асады.

Сондай-ақ, 2021 жылдың қазан айында Б. «П» акционерлік қоғамымен трансформаторлық қосалқы станцияларды жеткізуге шарт жасасқан, алайда өз міндеттемелерін орындамаған. Салдарынан «П» акционерлік қоғамына 157 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің айғақтарымен, банк үзінділерімен, заттар мен құжаттарды тексеру хаттамаларымен расталды. Прокурор бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілер оларды кінәлі деп тануды және талапты қанағаттандыруды сұрады. Ал сотталушылар кінәні мойындамады және оларды ақтауды өтінді.

ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2) тармағының санкциясына сәйкес мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге немесе онсыз, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. 

— Сот үкім шығарған кезде Б.-ға қатысты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын, М.-ға қатысты жеңілдететін жағдай ретінде екі жас баланың болуын, екеуінде де соттылықтың болмауын ескерді. Сот үкімімен Б. — 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік наградасы — «Құрмет» ордені алынды; ҚК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2-тармағын қолдана отырып, М.-ға 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. «Е» ЖШС-нің азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, 8,5 млрд және 3 млн теңгеден астам сот шығыстары өндірілді. Талап қоюдың қалған бөлігі қараусыз қалдырылды, — деп хабарлады Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары