Ринат Зайыт басқа депутаттарға тегін ауыстыру жөнінде үндеу тастағысы келмейтінін айтты.
Депутат Ринат Зайыт тегіндегі «ов» жалғауынан не үшін бас тартқанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Ов және вич деген біздің үлкен аға-апайларымыз айтпақшы, бұл – кезіндегі кеңес үкіметінің, патшалық Ресейдің бодандығындағы бізге тағылған айдар іспетті. Аға-апайларымның тілімен айтқанда, бұл кеңес үкіметінің бізге кигізіп қойған қамыты деп есептеймін», – деді ол.
Ринат Зайыт басқа депутаттарға тегін ауыстыру жөнінде үндеу тастағысы келмейтінін айтты. Бұл мәселе әркімнің өз еркінде деп ойлайтынын жеткізді.
«Төлқұжатында жазылғаннан кейін әр адамның есімі – жекеменшігі. Сондықтан, біреуге кеңес бере алмаймын», – деді Ринат Зайыт.