$ 510.58  571.8  6.34

«Екінші рет беташар жасағандар көрсін»: Орамал ауыстыру салты талқыға түсті (ВИДЕО)

Көнеден келе жатқан нағыз қазақы дәстүр.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде орамал ауыстыру салтының видеосы тарады. Tik Tok-та тараған видеодан ұзатылып жатқан келіншектің басындағы орамалын ауыстырғанын байқауға болады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Қазақ салт-дәстүрінде егер әйел екінші рет тұрмысқа шықса, ол жаңа отбасына кіргенде қайтадан орамал тағады. Бұл оның жаңа әулетке келгенін, сол әулеттің салт-дәстүрін қабылдағанын білдіреді", - дейді aktau.today12.

Бұл дәстүрге тәнті болған желі қолданушылары түрлі пікір мен болжамдарын жазуда. Бірі бұл ғұрып күйеуі қайтыс болған әйелге жасалады десе, бірі екінші рет тұрмыс құратын келіншектің орамалы ауысатынын мәлімдеген. 

«Бұрын тұрмыс құрған келіншекті тек осылай орамалын ауыстыратын болған», «Бұл дәстүр оңтүстікте де бар. Ері қайтқан әйелдің басына жыл толған соң ағартып ақ орамал тағады», «Қазір ғой екінші, үшінші рет те тұрмысқа шыққандар сырға салғызып, дүрілдетіп ұзатылып жатыр. Бұрын екінші рет тұрмысқа шыққан келіншек орамалын ауыстырып, үлкендердің батасын алған», «Көнеден келе жатқан нағыз қазақы дәстүр, екінші рет беташар жасатып, бетін ашып жатқан қыздар көрсін», — деп жазды ол.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#орамал #салт