$ 509.51  570.6  6.3

Жамбыл облысында полиция қызметкері ұсталды

Ұсталған азамат 2011 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет еткен.  

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Тараз қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Жамбыл облыстық полиция департаментінің Ақпараттық технологиялар және коммуникациялар басқармасында аға инженер болып жұмыс істеген полиция майорын ұстады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ұсталған азамат 2011 жылдан бері ішкі істер органдарында қызмет еткен.  

Тұрғылықты жерін тінту барысында Калашников автоматы, 12 калибрлі шолақ мылтық, төрт Макаров Р-411 тапаншасы, түрлі калибрлі 400-ден астам оқ-дәрі, автомат пен мылтыққа арналған жабдықтар және мылтық тазалауға арналған құралдар табылып, тәркіленді.

Қазір тергеу жүріп жатыр, басқа мәліметтер жария етілмейді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары