$ 509.51  570.6  6.3

Шерзат Болат ісі: Сотта Дархан Әскентайдың дүкенге кірген сәті бейнетаспадан көрсетілді

Кадрларда түнгі сағат 23:00 шамасындағы жағдай бейнеленген.

Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

 

Шерзат Болат ісіне қатысты өтіп жатқан сот отырысында оқиға орын алған күні түсірілген бейнежазбалар жұрт назарына ұсынылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Кадрларда түнгі сағат 23:00 шамасындағы жағдай бейнеленген. Бұл уақытта айыпталушы Дархан Әскентайдың «Қамажай» атты дүкенге кіріп, қандай да бір тауар сатып алғаны көрінеді. Бейнежазбаның келесі бөлігінде 23:40 кезіндегі көріністер көрсетілді. Онда Әскентай 42 минут кеткенде дүкенге қайта кіріп жатқан сәті түсіп қалған.

«Қазіргі бейнежазба 23:45 уақытын көрсетеді. Сол сәтте Әскентай кәмелетке толмаған танысы Асқарбекке хабарласып, дүкен сөресінде тұрған нөмірге 1000 теңге көлемінде аударым жасауын сұраған», — деді мемлекеттік айыптаушы сотта.

Сот барысында судья әлеуметтік желіде бұл қылмыстық іс жөнінде пікірлерді жариялау мәселесіне де тоқталып өтті. Оның айтуынша, ондай мәлімдемелер кейбір жағдайларда сот процесіне қысым көрсету ретінде бағалануы мүмкін.

Сондай-ақ сот отырысында Дархан Әскентайдың қорғаушысы сотталушының бей-бейнесі ашық көрсетіліп, әлеуметтік желіде тарап кеткенін айтты. Ол атағандай, адамдар түрлі пікір жазған. Алайда судья тергеу кезінде видео түсіруге Дархан Әскентайдың өзі рұқсат бергенін еске салды. Сотталушылардың ішінде 4 адам өздерін ашық түсіруге рұқсат берген. Дархан Әскентай да сот отырысында бұл деректі растады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары