Бұл қоңырау — үміттің, табандылықтың және өмірге қайта оралудың белгісі.
Астанадағы «Ана мен бала» ұлттық ғылыми орталығында ем қабылдаған жасөспірім Илья қатерлі ісікті жеңіп шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Ұзақ әрі ауыр ем-домнан кейін ол өз қолымен «жеңіс қоңырауын» соғып, жаңа өмірге қадам басты. Бұл ерекше сәтпен балалар онкологы Райгүл Нүсіпова бөлісті. Ол бейнежазбаны әлеуметтік желіде жариялап, науқастың шынайы қуанышын жұртпен бөлісті. Бейнекадрлардан Ильяның көзіндегі қуаныш пен жеңістің шексіз сезімін байқауға болады.
«Бұл – тек бір науқастың ғана емес, оны қолдаған дәрігерлер, туыстар мен жақын жандар үшін де маңызды, жүрек толқытатын сәт. «Біз әр науқастың осындай күнге жетуін тілейміз. Бұл – біздің жұмысымыздың ең үлкен марапаты», – деп жазды онколог Райгүл Нүсіпова.
«Жеңіс қоңырауын» соғу дәстүрі – онкология бөлімшелерінде ауыр дерттен толық жазылған науқастың жеңісін атап өтудің символдық рәсімі. Бұл қоңырау — үміттің, табандылықтың және өмірге қайта оралудың белгісі.