$ 509.51  570.6  6.3

«Нұрқанат мылтық атып, Қаржаубай пышақ тақады»: сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев сотта өз нұсқасын айтты

Ол дүкеннен кетіп бара жатып, Дархан Әскентайдың ақша төлегенін білген.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Шерзат ісі бойынша сот отырысында сотталушы Нұрбол Тоқтаубаев жауап беріп жатыр.
Ол қанды төбелес күні «Қамажай» дүкеніне Дархан Әскентайдың шақыртуымен барғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Дархан «мені біреулер ұрып кетті, келіп алып кет» деп хабарласты. Мен сыра ішкен соң, Думан деген танысыма көлікті тізгіндеуге шақырттым. Оның дауысы қобалжыған болды. Дархан Әскентай дүкен сыртында тұр екен. Бетінен қан ағып тұрды. Өзінен сұрағанымда «дүкен сатушысының баласы ұрып тастады» деді. Мен дүкенге кіріп, Қаржаубайдан мән-жайды сұрадым. Қаржаубай оны біресе өзім, біресе балам ұрды деді. «Қанша қарыз?» деп едім. «Мың теңге» деді, мен 1500 теңге төледім. Қаржаубай бізге атылып, пышақ ұстап, сермеді», - деді Тоқтаубаев.

Ол дүкеннен кетіп бара жатып, Дархан Әскентайдың ақша төлегенін білген.

«Өз ақшамды қайтару үшін дүкенге қайта бардым. Қаржаубай біздің келуімізге қарсы болып, бізге пышақ тақады. Мен 1996 жылғымын. «Хуторскиймін, 95-пін» деп айтпадым. Бұрын сотталмағанмын. Мәселені бір жақты қылып кетуім керек болды. Нұрқанат осы кезде біреулерге телефон шалып, балаларын шақырып жатты. Қаржаубай бізге пышақпен атылып, «өлтіремін» деді. Мен өз туған інімді шақырып, балалар жиналды. Сосын төбелес басталды. Нұрқанат мылтық атты. Біріншісін аспанға, кейінгісін бізге атты. Мен бір-екі рет Нұрқанатты тептім», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 5
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары