$ 509.51  570.6  6.3

«Көмекшілерім салған»: Дәулет Мұқаев Сара Назарбаева туралы таратқан ақпары үшін кешірім сұрады (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та қаралы хабар жайында инстаграм-парақшасында жазып, көңіл айтты.

Фото: желіден алынды
Фото: желіден алынды

Кеше бірқатар БАҚ, телеграм арналар мен танымал тұлғалар экс-президенттің жұбайы Сара Алпысқызының өмірден өткені жайлы тараған жалған ақпаратты жарыса жазған болатын, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нақтырақ айтсақ, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев та қаралы хабар жайында инстаграм-парақшасында жазып, көңіл айтты. Бірақ кейін Kursiv тілшісіне берген пікірінде оны жоққа шығарып, кешірім сұрады.

«Парақшамды көмекші балалар жүргізеді. Басқа да әлеуметтік желілер де сол кісінің өлімі жайлы тараған еді. Мүмкін, соны көшіріп салған болар. Мен емес, көмекші балалар салды. Дәл осы дүниеге қатысты мен кешірім сұраймын», – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары