Сот отырысында Тоқтаубаевқа адвокат тарапынан «Талғар қаласында кезекші прокурормен сөйлесу кезінде қандай да бір қысым көрсетілді ме?» деген сұрақ қойылды.
Шерзат Болатқа қатысты қылмыстық іс бойынша өтіп жатқан сот процесінде айыпталушылардың бірі – Нұрбол Тоқтаубаев жауап берді. Ол өзінің полициядан қандай қысым көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Сот отырысында Тоқтаубаевқа адвокат тарапынан «Талғар қаласында кезекші прокурормен сөйлесу кезінде қандай да бір қысым көрсетілді ме?» деген сұрақ қойылды. Айыпталушының айтуынша, ол сәтте ғимарат ішінде бірнеше полиция және жедел қызмет өкілдері болған.
«Біз сол жерде – есік жанында тұрдық. Жан-жағымызды полиция қызметкерлері қоршап тұрды. Бізден жауап алынып, барлық әрекет видеоға түсірілді. Бірақ есіктің ар жағында тұрған полицейлердің бәрі ала көзімен қарап, не айту керектігін ишарамен жеткізді. Егер біз шындықты айтып, ресми арыз жазатын болсақ, қайтадан алып кетіп, ұрып-соғатындарын білдірді», – деді Тоқтаубаев сотта.
Бұл мәлімдеме істің тергелуі мен әділ сот процесінің өтуіне қатысты қоғамда алаңдаушылық тудыруы мүмкін. Іс бойынша тыңдаулар жалғасып жатыр.