$ 510.58  571.8  6.34

Жетісу облысында өзенге құлаған ер адамға қатысты соңғы дерек шықты

Марқұм әскери қызметкер екені анықталды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Жетісу облысы Кербұлақ ауданында Көксу өзенінен трос арқылы өтпек болған ер адам суға құлап, із-түзсіз жоғалып кеткен еді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бірнеше күн жүргізілген іздестіру жұмыстары нәтижесінде 15 мамырда оның денесі табылды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, марқұмның денесін құтқарушылар оқиға орнынан 15 шақырым төмен жағынан тапқан.

- Ер адамның денесі ішінара киімде болған. Мәйіт судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Марқұм әскери қызметкер екені анықталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары